ҚТЖ Басқарма төрағасының орынбасарының м. а. тағайындалды
04-07-2025
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Мұрат Маратұлы Төрегелдин тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының орынбасары және "Вагонсервис" АҚ Басқарма төрағасының м.а. лауазымдарын атқарды.
Мұрат Төрегелдин Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылады. Жалпы жұмыс өтілі 19 жыл, оның ішінде 7 жыл — теміржол саласында.
Ланкастер университетін (Ұлыбритания) "Болашақ" стипендиясы бағдарламасы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін
"Құқықтану" мамандығы бойынша (үздік диплом) бітірген. Құқықтану магистрі және халықаралық бизнес және корпоративтік құқық магистрі дәрежесіне ие.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі