ҚТЖ қауіпсіздік шараларын күшейтеді: теміржол маңындағы балаларға назар аударылады

Жаңалықтар

ҚТЖ қауіпсіздік шараларын күшейтеді:теміржол маңындағы балаларға назар аударылады
 




28-08-2025

Жазғы демалыстың аяқталуымен және жаңа оқу жылының басталуымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол инфрақұрылымы маңындағы балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. 

Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ. Дәл осы кезеңде, мектеп оқушылары әдеттегі бағытқа оралғанда, жазатайым оқиғалар қаупі артады. Осыған байланысты ҚТЖ дәстүрлі түрде алдын алу шараларын күшейтеді және бүкіл ел бойынша түсіндіру акцияларын өткізеді. 

ҚТЖ не істейді:
- Адамдардың темір жолдарына шығу қаупі жоғары учаскелерде пойыздардың қозғалыс жылдамдығы төмендетіледі.
- Темір жол қоршауын салу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
- Жаяу жүргіншілер көпірлерін салу бойынша жергілікті атқарушы органдарға техникалық шарттар берілді. 
- Мектептерде ақпараттық кездесулер өткізіліп, онда балаларға теміржолдағы тәртіп ережелері туралы айтылады. 
- Жаяу жүргіншілер өткелдері мен елді мекендер жанында қосымша ескерту белгілері орнатылады. 
- Полициямен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, қозғалысы жоғары учаскелерде бақылау күшейтілуде.
- Жолдарда болмау туралы жадынамалар, баннерлер және бейнематериалдар таратылады. 

Негізгі міндет — балалар мен ата-аналарда теміржол ойын алаңы емес, ережелерді бұзу өмірдің қиылуына әкелуі мүмкін деген түсінік қалыптастыру.

ҚТЖ барлық азаматтарды, әсіресе ата-аналар мен педагогтарды жауапкершілікті көрсетуге, балаларға мінез-құлық ережелерін түсіндіруге және оларды жолдардың жанында қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік – бірінші кезектегі міндет.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі