ҚТЖ ата-аналарды балалармен теміржол маңында қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелесуге шақырады
05-11-2025
2 қарашада Астана-Қарағанды-Сұрыптау теліміндегі Аршалы станциясында, балаларының пойыз құрамында екенін хабарлаған ата-аналардан түскен қоңыраудан кейін, сағат 18:32-де желілік ішкі істер бөлімі (ЖІІБ) қызметкерлерінің өтініші бойынша, жүк пойызы тоқтатылды.
Аршалы станциясының ІІБ қызметкерлері 8, 10 және 11 жастағы үш баланы бір вагоннан түсірді.
Тексеру барысында балалар Астана станциясында жүргенде жәй қызығушылықпен ойнап вагонға кіріп, пойыз жүріп кеткеннен кейін ата-аналарына қоңырау шалғаны анықталды.
"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ темір жол - бөгде адамдардың болуына қатаң тыйым салынған аса қауіпті аймақ екенін еске салады. Компания ата-аналарды балалармен алдын ала әңгімелесуге және оларға теміржол инфрақұрылымы нысандарында болуға және ойнауға болмайтынын түсіндіруге шақырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі