ҚТЖ ардагер теміржолшыны Жеңіс күнімен құттықтады

Жаңалықтар

ҚТЖ ардагер теміржолшыны Жеңіс күнімен құттықтады




09-05-2025

9 мамырда «Қазақстан темір жолы» Ұлы Отан соғысының 101 жастағы қатысушысы, Бадам станциясында тұратын теміржолшы Қалмен Мұратовты Жеңіс күнімен құттықтады. Бүгінде ол Түркістан облысының Ордабасы ауданында тірі қалған соңғы ардагер.

Кездесу ақсақалдың туыстары мен жақындарының арасында жылы да жайлы үй жағдайында өтті. Қалмен Мұратов қонақтарды жауынгерлік және еңбегі үшін ордендер мен медальдар ілінген салтанатты костюмімен қарсы алды. 

Мереке күні Қалмен Мұратұлының көп жылғы адал еңбегі мен теміржол саласының дамуына қосқан зор үлесі «1-дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ардагерге шын жүректен алғыс және құрмет сөздері айтылып, зор денсаулық, ұзақ өмір және жан тыныштығы тіленді. 

Калмен Мұратұлы 1942 жылы 1 тамызда 18 жасында әскерге шақырылды. Калинин облысында қатал ұрыстарға қатысып, Беларусь майданының құрамында неміс басқыншыларынан ауылдар мен қалаларды босату үшін шайқасты. 1944 жылы ақпанда Витебск шайқасында ауыр жарақат алды, соның салдарынан шайқас жолын жалғастыра алмады. Соғыстан туған ауылына оралысымен Қалмен Мұратұлы колхозда бригадир болып жұмыс істеді, содан кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін көптеген жылдар бойы теміржолда жұмыс істеді. Ол 6 ұл және екі қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде оның 35 немересі және 72 шөбересі бар. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі