ҚТЖ: 90 мыңнан астам ағаш – теміржолшылардың «Таза Қазақстанға» қосқан үлесі
17-10-2025
Еліміздің барлық өңірлерінде «Қазақстан темір жолы» компаниялар тобы бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы аясында ауқымды экологиялық акция жалғасуда. Бүгінгі таңда теміржолшылар 90 мыңнан астам ағаш отырғызды және бұл сан күн сайын өсуде.
Акцияға бүкіл республика бойынша ҚТЖ, еншілес компаниялар мен филиалдардың мыңдаған қызметкері қосылды. Ағаштар станцияларға, магистральдар бойына, әлеуметтік нысандарға жақын жерлерге, вокзалдар мен өндірістік нысандарға отырғызылуда.
Бұл бастама компанияның болашақ ұрпақ алдындағы терең әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі болып табылады. ҚТЖ экология құндылықтары, қоршаған ортаға қамқорлық және туған жерге құрмет төңірегінде ұжымды біріктіре отырып, орнықты дамудың үлгісін көрсетуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі