ҚТЖ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында көмірдің үздіксіз логистикасын қамтамасыз етті

Жаңалықтар

ҚТЖ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында көмірдің үздіксіз логистикасын қамтамасыз етті




02-05-2025

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында (мамырдан сәуірге дейін) Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен 71,7 млн тонна көмір жеткізілді. Оның ішінде жылу электр орталықтары (ЖЭО) үшін — 64,7 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін — 7 млн тоннадан астам. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін көмір тапшылығы байқалған жоқ. 

ҚТЖ көмірдің үздіксіз логистикасын қамтамасыз етті және жүк жөнелтушілердің өтінімдерін 100% орындады. Қатты отынды тасымалдауды үйлестіру үшін тәулік бойғы жедел штаб жұмыс істеді. Күн сайын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ әкімдіктер өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізілді. 

ҚТЖ көмірді тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда және операторлар мен жүк жөнелтушілерді алдағы 2025-2026 жылыту маусымына тасымалдауға өтінімдерді алдын ала қалыптастыруға шақырады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі