ҚТЖ 1520 мм жолтабан кеңістіктегі алғашқы гибридті маневрлік локомотивтерді алады

Жаңалықтар

ҚТЖ 1520 мм жолтабан кеңістіктегі алғашқы гибридті маневрлік локомотивтерді алады




26-02-2025

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығы CRRC Corporation Limited қытайлық корпорациясының басшысы Сунь Юнцай мырзамен кездесті.

Тараптар 200 локомотив жеткізу бойынша бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың табысты барысын атап өтті.

Биыл Қазақстанға магистральдық және маневрлік тепловоздардың бірінші партиясы (90 бірлік) жеткізіледі, оның ішінде 1520 мм жолтабан кеңістіктегі алғашқы  гибридті маневрлік локомотивтер жеткізіледі. 
 


Бұдан басқа, CRRC ҚР-да жеткізілетін локомотивтерге сервистік қызмет көрсету орталықтарын құрады. Қызметкерлерді пайдалану және оларға қызмет көрсету бойынша оқыту басталды.

Ынтымақтастықтың басқа да перспективалық бағыттары: : цифрландыру, жол және байланыс желісін инспекциялау бойынша технологиялық шешімдер, жоғары жылдамдықты жолаушылар қозғалысына арналған жылжымалы құрам, жүк вагоны арбасының жолтабанын автоматты түрде өзгерту технологиялары және басқалар қарастырылды.
 


Анықтама: маневрлік локомотив орташа есеппен тәулігіне 4-тен 6 сағатқа дейін жұмыс істейді. Бұл жағдайда технология бойынша қозғалтқыш әрқашан қыздырылған күйде болуы керек. Гибридті локомотивтерді қолдану отын үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі