Түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлеу жөніндегі инфосессия

Жаңалықтар

Түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлеу жөніндегі инфосессия




2025 жылғы 13 маусымда Бизнес-сәулет департаменті «ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 50001:2018 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес Түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлеу» тақырыбы бойынша инфосессия өткізді.

Іс-шараға компанияның 99 қызметкері қатысты, бұл ұйымның барлық деңгейлеріндегі сапа және қауіпсіздік мәселелеріне жоғары қызығушылықты көрсетеді. 

Инфосессия барысында сәйкессіздіктердің себептерін жоюға және олардың қайта пайда болуына жол бермеуге бағытталған түзету іс-қимылдарының жоспарларын әзірлеу жөніндегі негізгі аспектілер қаралды. Қатысушылар сәйкессіздіктердің себептерін анықтау әдістері, сондай-ақ түзету әрекеттерінің тиімділігін бағалау туралы түсініктемелер алды.

Жыл ішінде қызметкерлердің басқарудың барлық деңгейлерінде халықаралық стандарттардың талаптарын қолдануы мақсатында ISO стандарттарының тренингтерін өткізу жоспарлануда. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі