TransRussia-2025 Халықаралық көрмесінде Меморандумға қол қойылды
20-03-2025
2025 жылғы 18-20 наурызда Мәскеуде (РФ) TransRussia-2025 Халықаралық көрмесі өтті. "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымдарының қатысуымен шоғырландырылған стенд ұсынды. Көрме барысында "KTZ Express" АҚ логистикалық компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді.
Теміржол контейнерлері мен теңіз тасымалдарына маманданған ресейлік оператор "Рейлшип Сервис" ЖШҚ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою басты оқиға болды. Құжат "Солтүстік – Оңтүстік" ХКД және ТХКБ шығыс тармағының логистикалық әлеуетін күшейтуге, сондай-ақ Еуропа бағытындағы логистикалық процестер мен тасымалдарды жетілдіруге бағытталған.
KTZ Express жетекші логистикалық компаниялармен серіктестікті кеңейте отырып, халықаралық көлік дәліздерін белсенді дамытуды жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі