Тобыл станциясында қосымша қабылдау-жөнелту жолдары салынады

Жаңалықтар

Тобыл станциясында қосымша қабылдау-жөнелту жолдары салынады




06-03-2025

ҚТЖ магистральдық желі  Қостанай бөлімшесінің теміржолшылары ағымдағы жылы Тобыл станциясының жұп-қабылдау-жөнелту паркінде қосымша жолдар салуды жоспарлап отыр. Бұл оның өңдеу қабілетін арттырады. 

Бүгінгі таңда станцияның жұп қабылдау-жөнелту паркінде Қарталы, Жітіқара жолаушылар пойыздарын өткізу, Қарталы, Жітіқара, Астана, Майлинодан жүк пойыздарын қабылдау, сондай-ақ Астана, Майлино, Жітіқара станцияларынан пойыздарды жөнелту үшін 13 жол бар. 

Сондай-ақ, өңірдің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде ағымдағы жылы бөлімше Шоққарағай – Күншаш, Күншаш – Қарағалы, Тобыл – Притобольская  және т. б. аралықтарында 67 шақырымнан астам жолды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, жазғы жол жұмыстары кезінде жолды қарқынды-орташа және орташа жөндеу, бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру, рельс бунағын  ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. 

Жануарлардың темір жолдарға шығуын болдырмау үшін Қарағалы – Басағаш, Құсмұрын-Аманқарағай, Тобыл – Перелески және т. б. аралықтарында 34 км қоршау салынады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі