ТХКБ үшін жаңа серпін: Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия стратегиялық құжатқа қол қойды
01-10-2025
Алматыда өткен New Silk Way VII халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы аясында Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы (ТХКБ) «тар жерлерді» жою жөніндегі стратегиялық маңызды іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ және «Грузин темір жолы» АҚ қол қойды.
Жоспардың мақсаты — Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы негізгі еуразиялық дәлізге айналып келе жатқан ТХКБ маршруты бойынша тасымалдаудың тиімділігі мен үздіксіздігін арттыру.
Осылайша, үш теміржол әкімшілігі логистикалық процестерді одан әрі интеграциялауға және маршрут инфрақұрылымын дамытуға, маршруттың дамуын синхрондауға бағытталған құжатты бекітті.
Стратегиялық құжаттың негізгі бағыттары:
Тараптар порт, теміржол және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, тар жерлерді жою және рәсімдерді цифрландыру жөніндегі іс-қимылдарды бірлесіп үйлестіруге уағдаласты.
Қол қойылған құжат Қазақстанның еуразиялық көлік жүйесіндегі негізгі буын ретіндегі рөлін күшейтетін тұрақты, бәсекеге қабілетті және стратегиялық маңызды бағыт ретінде ТХКБ-ны дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі