ТХКБ бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаудың өсуі туралы келіссөздер жүргізілді

Жаңалықтар

ТХКБ бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаудың өсуі туралы келіссөздер жүргізілді 




05-03-2025

Астанада "KTZ Express" АҚ (ҚТЖ еншілес компаниясы) және Shandong Hi-Speed Group – көлік және логистикалық инфрақұрылым саласындағы ірі қытайлық компаниялардың бірі басшылығының кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, ынтымақтастықты кеңейту және жаңа логистикалық шешімдерді енгізу перспективаларын талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыптары: Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау көлемінің өсуі; Орталық Азия елдеріне контейнерлік пойыздар санының артуы; тасымалдау тиімділігін арттыру үшін екі деңгейлі контейнерлерді пайдалану мүмкіндіктері болды.

Келіссөздер Қазақстан мен Қытайдың көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға және мультимодальды маршруттарды дамытуға деген өзара қызығушылығын растады. 

Компаниялар 2024 жылдың желтоқсанында қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісім аясында ынтымақтастықты жалғастырады. 

KTZ Express және Shandong Hi-Speed Group бірлескен логистикалық жобаларын дамыту Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк ағынын ұлғайту үшін, сондай-ақ елдерді халықаралық көлік тізбектеріне интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі