Теміржолшылардың еңбек жағдайларын жақсарту үшін 2025 жылы өндірістік нысандар жөнделеді

Жаңалықтар

Теміржолшылардың еңбек жағдайларын жақсарту үшін 2025 жылы өндірістік нысандар жөнделеді




20-05-2025

2025 жылы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өз қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 36 өндірістік нысанды ағымдағы жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жөндеу Жаңаесіл, Бурабай және Құсмұрын станцияларындағы маневрлік мұнаралардың, Жаңаесіл станциясының маневрлік дөңесінің, Жаңаауыл станциясындағы сигнал берушілер мен құрастырушылар бекеттерінің, Мойынты станциясындағы техкеңсенің, Жарма станциясындағы қызметтік-техникалық ғимараттың, сондай-ақ Арал теңізі және Махамбет станцияларындағы тауарлық кеңселердің, Ганюшкино мен Жаңаауыл станцияларындағы әкімшілік ғимараттардың  және басқа да нысандарда жүргізілетін болады.

 Алты нысанда жылыту және су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеу жоспарланған. Атап айтқанда, жұмыстар Железорудная станциясының тауар кеңсесі ғимаратында, Майлин станциясының әкімшілік-тұрмыстық ғимаратында, Ақжайық станциясының әкімшілік ғимаратында жүргізілетін болады, сондай-ақ Мақат станциясының бекеті ғимаратының су құбыры желісін жөндеу жоспарланған. 

2024 жылы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалдарында 49 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Барлық жұмыстар уақытылы және сапалы орындалды. Ғимараттардың қасбеттері жаңартылды, шатыр жабындары ауыстырылды, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерін қоса алғанда, ішкі үй-жайлар жөнделді.

Энергия тиімділігіне ерекше назар аударылды: заманауи жылу оқшаулағыш материалдар мен энергия үнемдейтін терезелер орнатылды, бұл ғимараттарды пайдалану шығындарын азайтады. Бұл шаралар нысандардың сыртқы түрін жақсартып қана қоймай, қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасады, сонымен қатар теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырды. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі