Теміржолшылар өткелдерде ЖКО алдын алуды белсенді жүргізуде

Жаңалықтар

Теміржолшылар өткелдерде ЖКО алдын алуды белсенді жүргізуде




25 07 2025

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында теміржолшылар полициямен бірлесіп теміржол өткелдерінде 990 жуық профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шаралар барысында 123  өткелден өтудің ережелерін  бұзушылық анықталды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 44 мыңнан астам жүргізушіге өткел арқылы қауіпсіз жол жүру ережесі қаперге салынды. Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы дәрістер 365 кәсіпорында 8508 қызметкерді қамтыды.

Теміржол өткелі — қателесудің бағасы жоғары болуы мүмкін қауіптілігі жоғары аймақ екендігіне ерекше назар аударылады.

 Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін 76 өткелде көрініс жақсартылды, 153 үгіт материалдары — лозунгтар мен плакаттар орналастырылды.

ҚТЖ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және темір жолдарды кесіп өту кезінде барынша сақ болуға шақырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі