Теміржол көлігімен экспорттық көмір тиеу тарихи рекордқа жетті
08 07 2025
2025 жылғы маусымда ҚТЖ желісі бойынша «Шұбаркөл Көмір» АҚ көмірін экспортқа тасымалдаудың жаңа рекорды орнатылды - 841 мың тонна, бұл ағымдағы жылдың орташа айлық көрсеткішінен 26% артық. Рекордтық көлемдер теміржолшылар мен тасымалдау процесіне қатысушылардың үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.
Жалпы, бір айда 1,2 млн тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1% -ға артық. Қазақстан аумағы бойынша 326 мың тонна көмір тасымалданды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі