Теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі 54% өсті

Жаңалықтар

Теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі 54% өсті




20-06-2025

Ағымдағы жылғы 5 ай қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде 5,7 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 54% артық. Экспорттық тасымалдар 4,5 млн тоннаны құрап, 62% өсті. 

Орталық Азия елдеріне 2,2 млн тонна астық жөнелтілді - бұл өткен жылмен салыстырғанда 28% артық. Ақтау және Құрық порттары арқылы Иран бағытында астық тасымалдау көлемі 12 есеге артты. Қара теңіз порттары арқылы тасымалдау 20%, ал Балтық порттары арқылы 16% өсті. 

ҚТЖ отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелдік нарықтарға уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуді жалғастыруда. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі