05-09-2025
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуде. Барлық өңірлер бойынша, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен профилактиканы күшейту және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ауқымды, жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2025 жылдың 8 айында арнайы іс шаралар жоспары шеңберінде пәрменді қадамдар жасалды:
- Көлік прокуратурасы, полиция, көліктік бақылау органдары, БАҚ және бейінді қызметтер өкілдерінің қатысуымен Үйлестіру кеңестерінің 122 отырысы өткізілді. Бөгде адамдардың жолға шығуын болдырмау жөніндегі бірлескен шаралар қаралды.
- Теміржол инфрақұрылымына жақын тұратын тұрғындармен 2 177 түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Қамту - 21,6 мыңнан астам азамат.
- 1 041 оқу орнында «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбы бойынша оқушылармен әңгімелер өтті. 28,6 мыңнан астам оқушы ақпараттандырылды.
- Өңірлік деңгейдегі БАҚ-та, оның ішінде радио мен теледидарда теміржолда сақтық танытуға шақырған басшылардың қатысуымен 442 сөз сөйлеу өткізілді.
- Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жолдар арқылы жаппай рұқсатсыз өту орындарында 2 142 рейд ұйымдастырылды. Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
- Тәуекел деңгейі жоғары жерлерде 693 ескерту белгісі жаңартылды.
ҚТЖ қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басымдық ретінде ғана емес, ұжымдық жауапкершілік ретінде де қарастырады. Компания азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін белсенді ағарту және алдын алу қызметін жалғастырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі