Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ

Жаңалықтар

ҚТЖ ескі жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзартудан кезең кезеңімен бас тартуды қолдайды және паркті жаңартуды жалғастыруда




05-09-2025

2025 жылдың басында Қазақстанда шамамен 142 мың жүк вагоны бар, олардың орташа жылы шамамен 15 жылды құрайды. Оның 39 мыңы ҚТЖ-ға тиесілі, қалғаны жеке операторлар иелігінде.

Қазіргі уақытта вагондарды пайдалану мерзімін ұзарту уәкілетті орган бекіткен белгіленген қағидалар және ТМД теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімдері бойынша жүргізіледі. Мұндай рәсімдердің сапасына жеке жөндеу кәсіпорындары жауап береді.

Қазақстанда бес мамандандырылған вагон жасау кәсіпорны жұмыс істейді. Олар бірлесіп жылына 12 мыңға дейін заманауи вагон шығара алады, бұл елдің теміржол паркін жаңартуға кең мүмкіндіктер ашады.

ҚТЖ мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен және жылжымалы құрам операторларымен тығыз өзара іс-қимылға дайын. 

Компанияның басты мақсаты – ел экономикасының қажеттіліктеріне жауап беретін қауіпсіз, сенімді және заманауи теміржол саласы.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі