Темір жолды жөндеу науқанының жартысы аяқталды: 700 шақырымнан астам жол жөнделді
18 07 2025
Елімізде теміржол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 700 шақырымнан астам теміржол жолы жөнделді – бұл жалпы жылдық жоспардың жартысы, яғни 1482 шақырым.
Жолға күрделі жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған 513 шақырымның 292 шақырымы аяқталды. Жұмыс 40 телімнің 14-і бойынша аяқталды:
Қостанай облысы
* Күншаш – Қарағалы– 36 км
Павлодар облысы
* Еркіншілік – Ерейментау – 28 км
* Ақсу-I – Ақсу2 – 13 км
* Спутник – Бастау – 4 км
Алматы облысы
* Лепсі – Жасқазақ – 11 км
* Құмтөбе – Егінсу– 12 км
* Шілбастау– Қопа– 7 км
Жамбыл облысы
* Жиделі – Бірлік-1 – 12 км
* Шөлдала – Құмшағыл – 11 км
Қызылорда облысы
* Қаракеткен – рзд. Қараиірім – 6 км
Ақтөбе облысы
* рзд. 174 – Жарлы – 9 км
* Кенжәлі– рзд. 142 – 10 км
Атырау облысы
* рзд. 4 – Ганюшкино – 25 км
Маңғыстау облысы
* рзд. 7 – Сай-Өтес– 16 км
Сондай-ақ, Қарағанды облысындағы «Қарағайлы» тау-кен байыту комбинаты қызмет көрсететін Көкпекті-Қарағайлы учаскесіне ерекше көңіл бөлінеді. Магистральдың бұл бөлігі минералды шикізатты экспорттауда, кәсіпорындарды жабдықтауда, сондай-ақ аймақ экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады. Қазіргі уақытта мұнда 21 км күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 15 000 ағаш және 3 700 темірбетон шпалдар төселді, 11 км ұзынөлшемді рельс тізбектері төселді.
«ҚТЖ»ҰК» АҚ желісіндегі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Ауқымды бағдарлама теміржол желісінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі