"Солтүстік – Оңтүстік" ХКД шығыс тармағы бойынша БАӘ мен Үндістанға газет қағазы жіберілді
07-03-2025
"KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) халықаралық жеткізу үшін сенімді бағыт ретінде "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі шығыс тармағының позициясын күшейтеді.
"KTZ Express" АҚ газет қағазымен контейнерлік пойыздарды кезекті жөнелтуді ұйымдастырды, бұл тұрақты қатынастар орнатуға мүмкіндік берді. Жүк Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия елдеріне: бір құрам – шамамен жеткізу мерзімі 20-25 тәулік болатын Жебель Али портына (БАӘ); екі құрам – шамамен жеткізу мерзімі 20-25 тәулік болатын Нава-Шева (Үндістан) портына жөнелтіледі.
Маршрут Қазақстан мен Иран арқылы транзитпен өтеді, жеткізу мерзімдерін қысқартады және қағаз өнімдерін экспорттаушылар үшін жаңа логистикалық мүмкіндіктер жасайды.
"Солтүстік – Оңтүстік" шығыс тармағы жүк ағынының тұрақты өсуін және халықаралық сауда үшін стратегиялық маңыздылығын көрсетуді жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі