Сарапшылар Бірыңғай транзиттік тариф туралы шартын жаңарту мәселелерін талқылады
16-05-2025
Алматыда Шарттың ережелерін жетілдіру және өзектендіру мәселелеріне арналған Бірыңғай транзиттік тариф (БТТ) туралы Шарт тараптары өкілдерінің кеңесі өтті.
Іс-шара ТЖЫҰ Жүк тасымалы жөніндегі комиссиясының басшысы, Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің өкілі Зубайда Аспаеваның төрағалығымен өтті. Қатысушыларға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының Маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Саламат Әбжалиев құттықтау сөз сөйледі. Ол еуразиялық кеңістікте теміржол жүк тасымалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және теміржол көлігінің әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған мәселелерді талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес барысында ТЖЫҰ темір жолдарының Бас директорлары (жауапты өкілдері) конференциясы XXXVIII отырысының қорытындылары, БТТ бойынша алдыңғы кеңестердің шешімдерін орындау барысы, Шарттың мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар, Бірыңғай транзиттік тарифті өзектендіру қаралды.
Талқылау іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Халықаралық теміржол қатынасын дамытуға бағытталған негізгі шешімдерді қабылдау процесінде ТЖЫҰ-ның үйлестіруші рөліне ерекше назар аударылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі