Открыто Проектно-конструкторское бюро инфраструктуры КТЖ

Жаңалықтар

ҚТЖ инфрақұрылымының жобалау-конструкторлық бюросы ашылды




18.12.2025

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Инфрақұрылымның жаңа жобалау-конструкторлық бюросын (ЖКБ) ашты. ЖКБ-ны құру компанияның инженерлік әлеуетін нығайту мен елдің теміржол желісін жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады.

ЖКБ инфрақұрылымдық жобаларды жобалау, құрылысты сүйемелдеу және іске асыру жөніндегі жұмыстардың барлық кешенін орындайды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мен конструкторлық қызмет жүргізетін болады. Жаңа бөлім жобалаушыларды, инженерлерді, талдаушыларды және заманауи технологияларды енгізу бойынша мамандарды біріктіреді. Мұнда жобалық шешімдер әзірленіп, объектілерге зерттеулер жүргізіледі, инженерлік есептеулер орындалады және инфрақұрылым үшін инновациялық техникалық шешімдер жасалады.

 

ЖКБ жүйелерді жаңғыртуды, жолды күрделі жөндеуді, құрылыстарды жаңғыртуды, жаңа бағыттарды дамытуды және ірі магистральдар үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауды қоса алғанда, теміржол желісін дамытудың негізгі жобаларына қатысуды жоспарлап отыр.

ЖКБ-ны ашу ұлттық теміржол инфрақұрылымын жүйелі дамыту, инновацияларды енгізу және магистральдық желінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру үшін іргетас болады.

ЖКБ жобалық топтың негізінде құрылды, оның жобалары инженерлік шешімдердің жоғары деңгейін және құжаттаманы әзірлеу сапасын растай отырып, мемлекеттік сараптамалардан сәтті өтті.

BMI International холдингімен және Anhalt университетімен халықаралық меморандумдарға қол қойылды. Бұл ынтымақтастық кәсіби даярлау, тағылымдамадан өту және инженерлік біліммен алмасу мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ жобаларды іске асыруда озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Компания ЖКБ-ны дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды. Олардың қатарында қызметкерлерге лайықты еңбекақы төлеу, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ жетекші көлік институттарымен және оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту бар.

ЖКБ жұмысына тәжірибелі жобалаушылар да, жас мамандар – жоғары оқу орындары мен колледждер түлектері де тартылатын болады. Бұл кәсіби тәжірибе мен жаңа инженерлік идеяларды үйлестіруге, жобалардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге және тұрақты кадрлық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі