Қолайсыз ауа райында Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 300-ден астам жолаушы тасымалданды
17.12.2025
Қолайсыз ауа райы мен бірқатар тас жолдарының жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы автокөлікпен қатынай алмаған азаматтар үшін пойыздарда қосымша 300-ден астам орын ұйымдастырды. Шаралар жолаушылардың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жедел қабылданды.
Осылайша, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Ұлттық тасымалдаушы төмендегі станциялар бойынша қосымша түрде 300-ден астам жолаушыны тасымалдады:
• Сағыз станциясы — 20 жолаушы;
• Қарауықелді станциясы — 30 жолаушы;
• Қандыағаш станциясы — 46 жолаушы;
• Ерейментау станциясы — 20 жолаушы;
• Екібастұз станциясы — 5 жолаушы;
• Бурабай курорты станциясы — 110 жолаушы;
• Макинка станциясы — 28 жолаушы;
• Ақкөл станциясы — 40 жолаушы;
• Көкшетау станциясы — 2 жолаушы;
• Шідерті станциясы — 6 жолаушы.
Күрделі ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды жалғастырып, сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі