Наурыз мерекелеріне орай пойыздарда 58 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады
26-02-2052
Көктемгі мерекелер қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздарды іске қосып, орын санын арттырады. Жалпы, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушыларға 58 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.
Халықаралық әйелдер күніне орай сұранысы жоғары бағыттарға 265 қосымша тіркеме вагоны қосылып, қала маңы пойыздарының жүру жиілігі артады:
Жалпы пойыздарда 8 наурыз мерекесіне 18 мыңнан астам қосымша орын бөлінеді.
Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында 3 пойыз қосымша жолға шығады:
Сонымен қатар, қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздары іске қосылады:
Наурыз мейрамы кезінде сұранысы жоғары бағыттарға 432 қосымша тіркеме вагоны қосылып, 20 мыңнан астам орын ұсынылады.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly атты Instagram парақшасынан алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі