Moody ' s ҚТЖ-ның кредиттік рейтингін "Baa2" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты"

Жаңалықтар

Moody ' s ҚТЖ-ның кредиттік рейтингін "Baa2" деңгейінде  растады, болжам "Тұрақты"




21-02-2025

Moody ' s Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның кредиттік рейтингін "Baa2" деңгейінде растады, болжам  "Тұрақты".

Рейтингті растау ұлттық компанияның жүйелі жұмысы мен тиімді операциялық қызметінің нәтижесі болып табылады.  Агенттіктің бағалауы бойынша, 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы жүк тасымалының 3,8% өскен көлемі, 2024 жылы контейнерлік транзиттің 8,8% ұлғаюы, сондай-ақ 2024-2026 жылдары реттелетін тарифтердің жыл сайынғы өсуі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның қаржылық көрсеткіштерін тұрақты деңгейде қолдап келеді. Жүк айналымының өсуіне өңірде және Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюы ықпал етуде. 

Агенттік "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның инфрақұрылымды дамытуға бағытталған күрделі салымдардың ауқымды бағдарламасы шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы кедергілерді жоюға және транзиттік әлеуетті күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Баспасөз баянына сілтеме

 

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі