Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде жазғы жол жұмыстарының жоспарлары туралы айтылды

Жаңалықтар

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде жазғы жол жұмыстарының жоспарлары туралы айтылды




25-02-2025

2025 жылы маңғыстаулық теміржолшылар жөндеудің барлық түрімен шамамен 125 км жолды қамтуды жоспарлап отыр. 

Сай-Өтес – 7-ші рзд. аралығындағы 15,7 км теміржол төсемі күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ ұзындығы 23,3 км станциялық жолдарды күшейтілген-орташа жөндеу, бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жоспарлануда. 

ПРСМ жол рельсті дәнекерлеу машиналарының көмегімен түйіспесіз жолдағы ақаулы жерлер жойылады. РМ және DUOMAT машиналарын қолдана отырып, ластанған балласты тазартып, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Сай- Өтес аралықтарында түзету, ұрып-соғу және тегістеу жүргізіледі.     

Сонымен қатар, жазғы жол жұмыстары аясында маңғыстаулық теміржолшылар 450 шақырым жолды жөндеп, темір жол бойында 107 шақырым мал қоршауын салады.  

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі