Машинист Атырау облысында жылқы табынының соғылуына жол бермеді

Жаңалықтар

Машинист Атырау облысында жылқы табынының соғылуына жол бермеді




06-03-2025

Атырау облысының Сағыз – Мақат учаскесінде пойыз машинисі боран және нашар көріну жағдайында жолға шығып кеткен жылқы табынының соғылуына жол бермеді. 

Жануарлар теміржолдың жанында еркін жайылып жүрді және рельстерді баяу кесіп өтіп, апатқа қауіп төндірді. Машинист ұзақ дыбыстық дабыл беріп, шұғыл тежеуді қолданды. Жол дистанциясының қызметкерлері табынды жолдан қуып жіберді. 

Оқиға салдарынан екі жолаушы және үш жүк пойызы кідірді. ҚТЖ қараусыз қалған мал теміржол қозғалысына елеулі қауіп төндіретінін және апатты жағдайларға әкеп соғуы мүмкін екенін еске салады. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі