Ұлттық тасымалдаушы ауа-райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдардан 300 астам жолаушыны пойыздармен тасымалдады

Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушы ауа-райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдардан 300 астам жолаушыны  пойыздармен тасымалдады




10-03-2025

Ауа-райының күрт бұзылуы елдің бірқатар аймақтарында автомобиль жолдарының ішінара жабылуына себеп болды. Бұл жағдайда "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары 300 астам жолаушыны Ерейментау, Бурабай, Ақкөл, Шортанды станцияларынан жедел тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, көліктің жалғыз қауіпсіз және сенімді түріне айналды.

Жалпы, Ұлттық тасымалдаушы пойыздарда 700 астам қосымша орын ұйымдастырды.

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қолайсыз ауа-райы жағдайында сақтық шараларын сақтауға және мүмкіндігінше қажетсіз сапарлардан аулақ болуға шақырады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі