Көктұма вокзалы жаңғыртылады

Жаңалықтар

Көктұма вокзалы жаңғыртылады




05-09-2025

ҚТЖ бүкіл ел бойынша теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын жалғастыруда. Қайта жаңартуға жататын объектілер тізбесіне Жетісу облысының курорттық аймағында орналасқан Көктұма вокзалы да кірді.

Қайта құру инфрақұрылымды жаңартуға, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ тұрғындардың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімділікті  жасауға мүмкіндік береді. 

Сатып алу рәсімдері «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібіне сәйкес 2025 жылдың мамыр айында аяқталды. Жоба бір ұйымның материалдарды жобалауды, сатып алуды және құрылыс жұмыстарын орындауды көздейтін EPC-келісімшарт тетігі бойынша іске асырылады. Барлық ақпарат zakup.sk.kz ашық алаңында жарияланады.

Қайта құруды қаржыландыру ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Көктұма вокзалын жаңғырту жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы және заманауи жағдайлар жасай отырып, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болады.

Вокзалдарды жаңғырту бағдарламасын ҚТЖ кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Нысандарды таңдау кезінде жолаушылар ағыны, станциялардың техникалық жағдайы және туристік маңыздылығы ескерілді. 

Вокзалдарды жаңғырту – ҚТЖ-ның маңызды әлеуметтік жобасы. Заманауи вокзалдар ыңғайлы, қауіпсіз және жолаушылардың барлық санаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі