Кадрлық жаңарту: ҚТЖ және еншілес компанияларда жаңа басшылар тағайындалды

Жаңалықтар

Кадрлық жаңарту: ҚТЖ және еншілес компанияларда жаңа басшылар тағайындалды




15-10-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен еншілес компанияларда басқару командасын одан әрі күшейтуге және қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған кадрлық тағайындаулар орын алды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалының директоры болып Владимир Петров тағайындалды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Асан Үмбетов болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры – басқарушы директоры болып Сәкен Рахметов тағайындалды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Марат Шәкенов тағайындалды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы (Бас директоры) болып Дияр Нүсіпқожанов тағайындалды.

 «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасы (Бас директоры) Александр Ширяев болды.

Тағайындаулар ҚТЖ-ның басқару құрылымын жаңарту және теміржол саласының негізгі бағыттарында кәсіби сараптаманы күшейту бағытын көрсетеді.

Басшы лауазымдарға тағайындалған барлық мамандар теміржол саласында көп жылдық тәжірибеге ие және өздерін елдің көлік жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан мамандар ретінде көрсете білді.

Әрқайсысының артында ірі жобаларды табысты іске асыру, өндірістік бөлімшелерді тиімді басқару және басқару құзыретінің жоғары деңгейі жатыр. Олардың саланың ерекшелігін терең түсінуі, стратегиялық ойлауы және нәтижеге бағдарлануы ҚТЖ алдында тұрған негізгі міндеттерді іске асыруда маңызды фактор болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі