Есіл–Арқалық өткелінде екі көліктің қатысуымен ЖКО орын алды
19-07-2025
18 шілдеде сағат 14:54–те Шу-Шығанақ учаскесінің күзетілетін реттелетін теміржол өткелінде пойыз машинисі жол ережелерін елемей, жолға шығып кеткен көлікпен соқтығысудың алдын алып, шұғыл тежеуді уақтылы қолданды.
Көлік құралының жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Пойыздың кешігуі 4 минутты құрады. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
Оқиғаның себебі жүргізуші тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы.
ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту ережелерін сақтауға шақырады және қозғалыс қауіпсіздігі мен өмірге қауіп төндіргені үшін жауапкершілікті еске салады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі