Елордада күрделі жөндеуден кейін локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункті ашылды
11-10-2025
Астана локомотив пайдалану депосында күрделі жөндеуден кейін локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің (ЛТҚП) салтанатты ашылуы өтті.
1975 жылы салынған ЛТҚП ғимараты толығымен жаңартылды. Нысанның жалпы ауданы 2 888 шаршы метрді құрайды. Жүргізілген жұмыстар еңбек жағдайларын едәуір жақсартып, өндірістік қауіпсіздік деңгейін және жылжымалы құрамға қызмет көрсетудің тиімділігін арттырды.
Жаңартылған ғимаратта депо бойынша кезекшілер, қызметкерлерге арналған душ бөлмелері, нұсқаушылар үй-жайлары және жылдамдықты өлшейтін таспаларды тарқату жөніндегі инженерлер кабинеттері орналасқан.
Ай сайын пунктте 1 100 жуық локомотивке қызмет көрсетіледі. Мұнда әкімшілік-басқару персоналын, пайдалану бөлімшелері қызметкерлерін және слесарларды қоса алғанда, 110 қызметкер жұмыс істейді.
Күрделі жөндеу инженерлік жүйелерді жаңартуға, технологиялық жабдықтарды жаңартуға және қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде локомотивтерге қызмет көрсету сапасы мен тасымалдау процесінің сенімділігі артты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі