Достық станциясында Қытайға экспофрттық жүктерді беру бойынша рекорд орнатылды

Жаңалықтар

Достық станциясында Қытайға экспофрттық жүктерді беру бойынша рекорд орнатылды




12-08-2025

2025 жылғы 9 шілдеде Достық станциясында Қытайға экспорттық жүктерді беру бойынша жаңа рекорд тіркелді-тәулігіне 28 пойыз жөнелтілді, бұл 1060 вагонды құрайды.

Жетістік жоғары жауапкершіліктің, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ барлық қызметтері мен бөлімшелерінің және процеске тартылған іргелес тараптың іс-қимылдары мен кәсібилігін дәл үйлестірудің нәтижесі болды.

Компания трансшекаралық тасымалдардың әлеуетін арттыруды, логистикалық процестерді жетілдіруді және Қытай Халық Республикасымен теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі