Достық станциясында теміржол астындағы автомобиль көпірі жаңартылды

Жаңалықтар

Достық станциясында теміржол астындағы автомобиль өткелі жаңартылды




29-09-2025

Достық станциясында Д. Қонаев көшесіндегі темір жолдардың астында орналасқан автомобиль өткелі абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарын Қапшағай станциясының мамандандырылған көпір жасағы орындады. 

Жұмыс барысында ғимараттың конустары, төбелері мен қабырғалары ақталды, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Осы шаралардың арқасында нысанның сыртқы түрі едәуір жақсарды, ең бастысы —  автомобиль өткелі күнделікті пайдаланып жүрген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі жақсарды. 

Д.Қонаев көшесіндегі автомобиль өткелі станция мен оған жақын аудандардың көлік байланысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, бұл оны абаттандыруды жергілікті тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылар үшін айтарлықтай оқиғаға айналдырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі