Достық - Мойынты учаскесіндегі 90 көпірдің аралық құрылыстары орнатылды

Жаңалықтар

Достық - Мойынты учаскесіндегі 90 көпірдің аралық құрылыстары орнатылды
 




18-04-2025

Достықтан Мойынтаға дейінгі теміржол учаскесінде екінші жол салу – Қытай бағытында қазақстандық экспорт пен транзит үшін қосымша мүмкіндіктер ашатын елдің маңызды инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар 90% орындалды.

 Жасанды құрылыстарды жүргізу аяқталуда. Жоба бойынша 92 көпірден 90 көпірдің аралық құрылыстары орнатылды. Қазір 8 разъезд  – Бескөл аралығындағы қалған екі көпірдің тіректерін орнату жұмыстары жүргізілуде. 
 


Сондай-ақ, жоба аясында Сарықұм – Көкдомбақ, Көкдомбақ – Балқаш, Балқаш 1 – Балқаш 2, Балқаш 2 - Ортадересін, Ортадересін - Тоқырау, Тоқырау-Ақжайдақ, Ақжайдақ-Ащыозек және т. б. аралықтарында 28 автожол өткелдерінің құрылысы жүріп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Достық станциясынан Мойынты станциясына дейінгі екінші жолдардың жалпы ұзындығы – 836 шақырым. ҚТЖ олар бойынша қозғалысты ағымдағы жылдың маусым айында іске қосуды жоспарлап отыр, бұл бекітілген кестеден бұрын. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі