Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті

Жаңалықтар

Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті




28-11-2025

2025 жылғы 30 қыркүйекте Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдары бойынша қозғалыс басталды. 20 қарашада пойыздар қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылуда: жаңа жолдар бойынша 1 046 жүк және 288 контейнерлік пойыз өткізілді ( тәулігіне орташа 20); ескі жолдар бойынша — 1 074 жүк және 335 контейнерлік пойыз (тәулігіне орташа  21). Екінші жолдарды пайдалану басталған сәттен бастап 16,1 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41% артық.

Қозғалыс 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін учаскелер бойынша кезең-кезеңімен іске қосылды. Жобаны іске асыру желінің өткізу қабілетін  және жүк тасымалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі