«Достық – Алашаңқай» түйіспесі арқылы тасымалдау 6% өсті

Жаңалықтар

«Достық – Алашаңқай» түйіспесі арқылы тасымалдау 6% өсті




05-12-2025

2025 жылдың 11 айында «Достық – Алашаңқай» мемлекетаралық түйісу пункті арқылы теміржол тасымалы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% өсіп, 17,8 млн тоннаны құрады. Вагондық есептеуде көлемдер 450,2 мың бірлікке жетті (+1%).

Жүктерді ҚХР бағытында беру бойынша да, оларды қабылдау бойынша да оң динамика байқалады:

•    209,7 мың вагон (өткен жылдың деңгейінде) немесе 12,9 млн тонна (+4%) тапсырылды;
•    241 мың вагон (+1%) немесе 4,8 млн тонна (+12%) қабылданды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,9 мың вагон (+6%) немесе 9,2 млн тонна (+10%) экспорттық тасымалдардың өсуі  байқалғаны жеке атап өтіледі.

ҚХР бағытындағы Достық станциясы арқылы қазақстандық экспорттың мынадай номенклатуралары бойынша айтарлықтай өсім тіркелді:

•    кен – 6,2 млн тонна (+20%);
•    мұнай жүктері – 322,8 мың тонна (+35,6%);
•    химиялық жүктер – 70,6 мың тонна (+1%);
•    құрама жем – 522,4 мың тонна (өсім 3 есе).

ҚТЖ сенімділік пен тиімділікке назар аудара отырып, жүк тасымалының тұрақты өсуі бойынша жұмысты жалғастырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі