Дүниежүзілік банк: назарда - логистика тиімділігі
16-04-2025
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес компаниясы - "KTZ Express" АҚ кеңсесінде логистикалық тиімділік индексін (LPI) есептеудің жаңартылған әдіснамасын қалыптастыру мәселелеріне арналған Дүниежүзілік банк делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.
Талқылау барысында KTZ Express өкілдері инвестициялық жоспарларды, халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты және логистикалық сервистің сапасын арттыруға бағытталған шараларды қоса алғанда, бірқатар негізгі бағыттар бойынша ақпарат ұсынды. Көлік инфрақұрылымын дамытуға және операциялық қызметке цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.
Дүниежүзілік банк делегациясы компанияға жылы қабылдауы және сындарлы диалогы үшін алғысын білдірді. Тараптар тиімді және тұрақты логистикалық жүйені дамытуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі