Бүгін, 27 желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының мұрағаты ашылды
27-12-2025
Мұрағатта 1930–2022 жылдар аралығын қамтитын Алматы магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржол кәсіпорындарының 69 қоры бойынша 133 093 тұрақты сақтауға жататын мұрағат ісі жинақталған.
Мұрағат келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетіп, анықтамалар береді:
Мұрағат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен, клиенттік қызметтерімен және Алматы қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-мен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Мұрағаттың ашылуы аясында көліктің кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов қар тазалайтын техниканың кілттерін, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппаратының басқару пультін табыстады.
Жақын арада басқа бөлімшелерге 211 бірлік техника және 63 бірлік қар тазалайтын техника берілетін болады.
Сондай-ақ Талғат Алдыбергенов мұрағаттың ашылуы мен жұмысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Алматы сигнализация және байланыс дистанциясының бас инженері Ахмиев Берік Нұрлыбекұлына алғыс хат табыстады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Сәкен Рахметов мұрағатты дайындау және ашу жұмыстарына қатысқан қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі