Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы талқыланды

Жаңалықтар

Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы талқыланды




13-10-2025

Абай облысы әкімдігінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен ауқымды инфрақұрылымдық жобаны — Бақты – Аягөз теміржол желісін салу мәселелері бойынша кеңес өтті. 

Жоба Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда және елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, экспорттық маршруттарды кеңейту мен өңірдің транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, China Harbor Engineering Company Ltd компаниясы бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясы, сондай-ақ өңірдің бейінді кәсіпорындары мен құрылыс ұйымдарының басшылары қатысты.
 


Кеңесте құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіруге, объектілерде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, техникалық жабдықтауға, құрылыс материалдарын жеткізуге, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік стандарттарды сақтауға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, жобаны сапалы және уақтылы іске асыруға бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бақты – Аягөз теміржол желісін салу жұмыстары жоспарлы тәртіппен жүргізілуде және «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мемлекеттік органдар тарапынан тұрақты бақылауда. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі