"Қазтеміртранс" АҚ-да бірегей цифрлық жобаның бірінші кезеңі аяқталды

Жаңалықтар

"Қазтеміртранс" АҚ-да бірегей цифрлық жобаның бірінші кезеңі аяқталды




08-04-2025

ҚТЖ еншілес компаниясы - "Қазтеміртранс" АҚ-да бизнес-процестерді автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталған “Өндірістік қызметті басқарудың бірыңғай платформасы" жобасының бірінші кезеңі аяқталды. 

Жоба аясында Жүк вагондарын бөлу регламенті әзірленіп бекітілді, сондай-ақ 2025 жылдан бастап күшіне енетін жылжымалы құрамды жөндеудің жаңа моделі қалыптастырылды.

"Өндірістік қызметті басқарудың бірыңғай платформасы" платформасы жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жүк тасымалын тиімді жоспарлауға, клиенттермен өзара іс-қимылды жақсартуға және нақты уақыт режимінде талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі