Қазақстанның теңіз әлеуеті: ҚТЖ және Guoyou Wuchan стратегиялық диалогы

Жаңалықтар

Қазақстанның теңіз әлеуеті: ҚТЖ және Guoyou Wuchan стратегиялық диалогы
 




20-08-2025

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да Маңғыстау облысы әкімдігінің қытайлық Guoyou Wuchan Group Co., Ltd. компаниясының басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

Логистика саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейту және Каспийдегі негізгі көлік инфрақұрылымын дамыту басты назарда болды. 
 


"ҚТЖ" ҰК" АҚ елдің транзиттік әлеуетін күшейту және өңірде тұрақты логистикалық жүйені құру үшін стратегиялық инвесторларды тартуға баса назар аударды. 

Тараптар әлеуетті инвестордың қатысуымен Маңғыстау облысында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Guoyou Wuchan Group өкілдеріне өңірдің теміржол және теңіз инфрақұрылымының ағымдағы қуаттары мен даму перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Оның ішінде инвестициялар үшін ашық учаскелер ұсынылды және серіктестіктің орнауы мүмкіндігінің форматтары көрсетілді.
 


"ҚТЖ" ҰК" АҚ және Маңғыстау облысының әкімдігі бірлескен жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторға толық қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу одан әрі ынтымақтастыққа деген өзара қызығушылықты растай отырып, сындарлы және достық атмосферада өтті.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі