Қазақстанда алғаш рет жартылай вагондарда контейнерлерді тасымалдау технологиясы енгізілді

Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет жартылай вагондарда контейнерлерді тасымалдау технологиясы енгізілді




23-05-2025

Астана қаласындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Кедентранссервис» АҚ еншілес ұйымының терминалында Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары  бойынша жүретін жартылай вагондарда алғашқы транзиттік контейнерлік пойыз қайта тиелді. 

Жаңа сервис Ресей Федерациясының ең ірі логистикалық компаниясы – «Логопер» компаниясымен бірлесіп іске асырылды. 

Енгізілген технология қазақстандық көмірмен келген жартылай вагондарға контейнерлерді кері жүктеуді ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсіл логистикалық процестерді едәуір оңтайландыруға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі