Қазақстан Қытайға өсімдік майы мен жемшөп экспортын ұлғайтты
05-03-2025
2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейін Қытайға өсімдік майы мен жоғары технологиялық мал азығын теміржол арқылы жеткізу бойынша рекорд орнатылды.
Құрама жем тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес есеге өсіп, 748 мың тоннаға жетті. Қосылған құны жоғары өнімдер экспортының өсуі жабық вагондарда да, контейнерлерде де байқалды.
Өсімдік майының экспорты тұрақты өсуді жалғастыруда: соңғы алты айда оның көлемі 93 мың тоннаны құрады, бұл 2023/24 маркетингтік жылмен (МЖ) салыстырғанда 19% және 2022/23 МЖ-ға қарағанда 47% жоғары.
Қытайға 794 мың тонна астық шикізаты және 171 мың тонна ұнтақ өнімдері экспортталды.
Мұндай нәтижелер екі ел теміржол компанияларының, фермерлердің және логистикалық тізбек барлық қатысушыларының үйлестірілген жұмысының арқасында мүмкін болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі