Қазақстан қор биржасы ҚТЖ -ны дипломмен марапаттады
17-02-2025
2024 жылы «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» АҚ 164 млрд теңге сомасына цифрлық теңгемен номинацияланған облигацияларды бірінші болып орналастырды. Цифрлық облигациялар шығару компанияның елдің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту үшін инвестициялар тарту үшін ашықтыққа, инновацияларды енгізуге және цифрлық қаржы құралдарын пайдалануға деген ұмтылысын көрсетеді. Осыған байланысты KASE (Қазақстан қор биржасы) "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ны "цифрлық теңгемен есептелген облигациялардың бірінші эмитенті" дипломымен марапаттады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі