Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары транзитті ұлғайту мәселелерін талқылады
28-03-2025
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және «Узбекистон темир йуллари» АҚ басшылары Алматыда жұмыс кездесуін өткізді. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар өткен жылдағы бірлескен жұмысты қорытындылап, 2025 жылға арналған жоспарларын белгілеп алды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Сара Ағаш түйіспесінің өткізу қабілетін 50% дейін ұлғайту есебінен жүк жөнелтушілер барлық жоспарларының толық орындалуы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, «Узбекистон темир йуллари» АҚ қазақстандық астықтың Ауғанстанға транзитіне (Оазис торабы арқылы Галаба станциясына) тарифтің 40% төмендегенін хабарлады.
Сонымен қатар, тараптар Трансауған дәлізін дамыту бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге келісті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі