Қауіпсіздік күзетінде: ҚТЖ өткелдер мен жолдардағы жауапкершілікті күшейту үшін
15-08-2025
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да компания басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдиннің төрағалығымен теміржол көлігіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
"Дөңгелек үстел" басына теміржолшылар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды. Жеке тармақ иелерінің кірме жолдарында ЖКО мен жылжымалы құрамның жолдан шығуын болдырмау, адамдар мен мал басуды барынша азайту шаралары талқыланды. Сондай-ақ, 2025-2027 жылдарға арналған Қазақстан темір жолдарындағы мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі жол картасының іс-шаралары қаралды.
Кездесуге қатысушылар теміржолдағы жарақаттанудың басты себебі азаматтар мен автокөлік иелерінің қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып отырғандығын атап өтті. Белгіленбеген жерлерден өту, кейде құлаққаптарда теміржол өткелдерін кесіп өту, алкогольдік мас күйде болу, көлік жүргізушілерінің теміржол өткелдері арқылы жүру ережелерін елемеуі қайғылы статистиканың негізгі себептері болып табылады.
Көбінесе локомотив бригадаларының кәсібилігі соққылардын алдын алуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың 6 айында машинистер жол бойында бөгде адамдардың шығуына байланысты 288 шұғыл тежеу қолданды, өткелдерде ЖКО-ның 54 жағдайының алдын алды.
Кеңесте белгіленбеген орындарда темір жолдары арқылы бөгде адамдардың өтуі және өткелдерде тыйым салу сигналына өту үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру, сондай - ақ заманауи технологияларды пайдалана отырып, бұзушыларды бейне және фотофиксациялаудың автоматты жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі атап өтілді.
Теміржол маңында мал жаю ережелерін сақтамау пойыздардың қауіпсіздігі мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді. ҚТЖ темір жол бойына малдың шығуынан қорғау үшін қоршаулар салу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп келеді. 2025 жылы 12000 км астам қоршау салынып, жөнделудн. Алты ай ішінде мал басу саны 33% төмендеді.
Бұдан басқа, ҚТЖ әкімдіктерге құқық қорғау органдарымен және мал иелерімен бірлесіп, темір жол төсемі учаскелеріне жақындаған кезде олардың жайылып жүрген жерін анықтау және уақтылы ден қою үшін үй малдарын чиптеуді ұйымдастыру туралы ұсыныс жолдады.
Жолдың жоғарғы құрылымының элементтерін ұрлау фактілері теміржолшылардың алаңдаушылығын тудырады. Ағымдағы жылдың 6 айында жабдықты ұрлаудың 6 жағдайы және бүлінудің 4 жағдайы тіркелді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ қауіпсіздік департаментінің директоры Марат Шакеновтың айтуынша, ұрлық жасағаны үшін жазаны қатаңдату және металл сынықтарын қабылдау пункттерін патрульдеу тәжірибесін қайта бастау қажет.
Кездесуде ҚТЖ станцияларына іргелес жатқан жеке кәсіпорындардың инфрақұрылымын қанағаттанарлықсыз ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осы дөңгелек үстел шеңберінде сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың теміржол және автомобиль жолдарының қиылысатын жерлерінде және жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды учаскелерде жол өтпелерін, туннельдер мен жаяу жүргіншілер көпірлерін салу мәселелері қаралды.
Жеке тармақ иелерінің кірме жолдарында адамдарды басу, ЖКО, жымқыру және жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуі жағдайларын азайту бөлігінде бірлескен үйлесімді жұмыс кезінде ғана оң нәтижелерге қол жеткізілетіні атап өтілді.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі