Astana IT University колледжінің студенттері ҚТЖ теміржол көлігінің орталық мұражайында болды

Жаңалықтар

Astana IT University колледжінің студенттері  ҚТЖ теміржол көлігінің орталық мұражайында болды




24-10-2025

Республика күні қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық теміржол көлігі мұражайында «Astana IT University» ЖШС колледжінің 60 студентіне экскурсия өтті.

Экскурсия барысында қатысушылар Қазақстанның теміржол саласының қалыптасуы және дамуы тарихымен танысып, жаңғыртудың негізгі кезеңдері, техникалық жетістіктері мен теміржолшылардың ел дамуына қосқан үлесі туралы білді.

Студенттер үшін танымдық викторина ұйымдастырылды, оның барысында олар жоғары деңгейдегі эрудиция мен теміржол тарихына қызығушылық танытты. Викторина қорытындысы бойынша ең белсенді студенттер алғыс грамоталарымен марапатталды.

Мұражай меңгерушісі Ақмарал Молдашева жастарды отандық көлік тарихын зерттеуге тартудың маңыздылығын атап өтті:

«Қатарынан екі экскурсия мен викторинаны ұйымдастыру үлкен дайындықты талап етеді, бірақ студенттердің шынайы қызығушылығын, олардың  эмоцияларын және Қазақстанның темір жолдары туралы көбірек білуге деген ұмтылысын көргенде — барлық күш-жігердің босқа кетпегендігін түсінесін», - деп атап өтті ол.

Іс-шара жылы және достық рәуіште аяқталды – студенттерге тәттілер ұсынылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі