Астана – Ерейментау учаскесінде машинист автокөліктермен соқтығысудың алдын алды

Жаңалықтар

Астана – Ерейментау учаскесінде машинист автокөліктермен соқтығысудың алдын алды




23-10-2025

2025 жылғы 22 қазанда сағат 16.27-де Астана – Ерейментау учаскесінің Едіге – Ерейментау аралығында жолаушылар пойызының машинисі 108 км/сағ жылдамдықпен келе жатып реттелетін, қорғалмайтын теміржол өткелінде шұғыл тежеуді қолданды. 

Себебі қозғалыстағы құрамның алдында үш жеңіл авто көліктің кенеттен жолға шығып кетуі болды. Локомотив бригадасының кәсіби және жедел әрекеті арқасында соқтығысудың алды алынды. 

Бұзушылыққа жол бергендер  оқиға орнынан қашып кетті. Пойыз маршрут бойынша 7 минутқа кешігіп жүрісін жалғастырды.

Бұзушылық туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Оқиғаның себебі – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі