21-12-2025
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және жеке өз атымнан көрнекті қайраткер Асанәлі Әшімовтің туыстарына, жақындарына және барлық жанкүйерлеріне көңіл айтамын.
Өмірден дәуір адамы, отандық театр мен кино аңызы, есімі елдің мәдени тарихында мәңгілікке жазылған Халық әртісі өтіп отыр. Оның таланты, харизмасы, өнерге деген адалдығы бірнеше ұрпақты шабыттандырды. Асанәлі Әшімов тек актер ғана емес, ол уақыттың үні, рухани күш пен ұлттық мақтаныштың символы болды.
Теміржолшылар ұжымы жадында оның «Транссібір экспресі» фильміндегі жарқын рөлі ерекше орын алады – бұл образ бүгінгі күнге дейін таң қалдырады. Бұл картина ұлы әртістің есімін Қазақстан темір жолының тарихымен мәңгі байланыстырды.
Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Жаратқан марқұиның жан тыныштығын, ал отбасына орны толмас қайғыдан ертерек айығуға күш берсін.
Қайғыларыңызға ортақпыз.
Ізгі көңілмен әрі терең өкінішпен,
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы
Талғат Алдыбергенов
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі